Атырау, 5 желтоқсан 07:31
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​​Ливияның бұрынғы көшбасшысы Каддафидің ұлы бостандыққа шықты

279 рет қаралды

Ливияның бұрынғы басшысы Муаммар Каддафидің ұлы — Ганнибал Каддафи Ливанда 10 жылға жуық қамауда болғаннан кейін бостандыққа шықты, деп хабарлайды АА.

Ол 2015 жылы Сирияда белгісіз адамдар тарапынан ұрланып, Ливанға жеткізіліп, тергеу аясында тұтқындалған еді.

Ливанның ресми NNA агенттігінің хабарлауынша, Ганнибал Каддафи 893 мың доллар көлеміндегі кепілмен босатылған. Бұған дейін сот оның кепіл сомасын 11 миллион доллар деп белгілеген болатын, алайда 6 қарашада судья Захир Хаммаде бұл соманы төмендетіп, босатуға рұқсат берді.

Ганнибал Каддафи Ливанда шиит дін қызметкері Муса ас-Садра мен оның серіктерінің 1978 жылы Ливияда жоғалуына қатысты іс бойынша тергеуге алынған. Ливанның шиит қауымдастығы мен «Амаль» қозғалысы бұл оқиғаға Каддафи режимін кінәлағанымен, Ливия билігі бұл айыптауларды жоққа шығарған.

Ганнибал Каддафи 1975 жылы дүниеге келген. Ол бұрынғы ливандық модель Элин ас-Секафпен отбасын құрған, екі баласы бар.

11 қараша, 13:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.