
Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков Атырау облысы Әділет департаментінің ұжымына жаңа басшыны таныстырды.
ҚР Әділет министрінің келісімімен және Әділет министрлігі аппарат басшысының бұйрығына сәйкес, Қыстаубаева Гүланда Орынбасарқызы Атырау облысы Әділет департаментінің басшысы болып тағайындалды.
Гүланда Қыстаубаева бұл қызметке дейін ҚР Әділет министрлігі Атырау облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары лауазымын атқарған. Ол әділет органдарындағы еңбек жолын 2010 жылы бастаған.
Вице-министр өңірде құқықтық мәдениетті арттыру, мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру және азаматтардың құқықтарын қорғауды нығайту бойынша жұмысты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, Бекболат Молдабеков жаңа басшының кәсібилігіне сенім білдіріп, қызметіне сәттілік тіледі.
В Атырау +4