Атырау, 5 желтоқсан 07:15
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырауда массажист пен клиент арасындағы жанжал пышақтасумен аяқталды

236 рет қаралды
Chat GPT арқылы жасалған сурет
Chat GPT арқылы жасалған сурет

Интернетте Атырау сотында қаралып жатыр делінген іс жайлы ақпарат тарады.

Мәліметке сәйкес, іс фигуранты — 30 жастағы боди-массажист болып жұмыс істеген әйел клиентін өлтірді деп айыпталуда.

Мәліметтерге қарағанда, оқиға жазда ол келушілерді қабылдап жүрген пәтерде болған. Әйел мен ер адамның арасында жанжал туып, сол кезде ол ер адамға пышақ салып алған. Жараланған азамат жедел жәрдем келместен бұрын көз жұмған.

Массажист әйелдің өзі дәрігерлер мен полиция шақырған. Кейін оны ұстап әкеткен.

Облыстық соттың баспасөз қызметі мұндай мән-жаймен сотқа іс түспегенін хабарлады. Алайда полиция бұл жағдайдың жазда болғанын растады.

Айнұр САПАРОВА

11 қараша, 11:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.