Атырау, 5 желтоқсан 07:30
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Израиль Ливанға қайта соққы жасады: бітім тағы бұзылды

278 рет қаралды

Израиль әскері Ливанның оңтүстігі мен шығысында бірнеше нысанға әуе соққысын жасады. Бұл туралы Ливанның ресми NNA агенттігі хабарлады, деп жазады АА.

Соққылар Катрани, Бургуз, Рейхан, Махмудит аймақтарына, сондай-ақ Баальбек маңындағы Рефи тауы мен Неби-Шит және Шаара ауылдарына бағытталды. Құрбандар туралы ақпарат әзірге жоқ.

10 қарашада Израиль дрон арқылы Сайда қаласында автокөлікке соққы беріп, бір адамды өлтіргені хабарланған еді.

2024 жылдың қарашасында Израиль мен «Хезболла» арасында бітім жасалғанымен, Тель-Авив келісімді 4500 реттен астам бұзған. Соның салдарынан жүздеген бейбіт тұрғын көз жұмып, жараланған.

Ливанда 2023 жылы басталған қақтығыс 2024 жылдың күзінде кең ауқымды соғысқа ұласып, 4 мыңнан аса адам қаза тапты, шамамен 17 мың адам жараланды.

Израиль Ливан аумағындағы бес биіктікті және даулы аймақтарды әлі бақылауда ұстап отыр.

10 қараша, 19:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.