
Атырау облысында әлеуметтік кәсіпкерлер мен “Бір ауыл – бір өнім” жобасының финалистері үшін қайтарымсыз мемлекеттік грантқа өтініш қабылдау басталды. Құжаттар 10–14 қараша аралығында “Kezekte.kz” платформасы арқылы қабылданады.
Облыстық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бөлім басшысы Перизат Таңатованың айтуынша, өтінішпен бірге қажетті құжаттар топтамасын тапсыру міндетті.
2024 жылы осы бағдарлама аясында жалпы құны 106 млн теңгені құрайтын 16 кәсіпкерлік жоба қолдау тапқан. Солардың бірі — “Тәтті Мед” медициналық кабинетінің басшысы Тәттігүл Әбілова. Ол 5 млн теңге көлемінде грант алып, балаларға арналған фототерапиялық құрылғылар сатып алған.
– Грант арқылы сарыауруды емдеуге арналған 5 фотолампа алдым. Бүгінге дейін 500-ге жуық бала ем қабылдады. Бұл жоба аналарға да үлкен қолдау болды, – дейді кәсіпкер.
Қазіргі таңда өңірде әлеуметтік субъектілер тізіміне енген 72 кәсіпкер бар.
В Атырау +4