
Құлсары қаласында аудандық медицина үшін тарихи оқиға тіркелді — дәрігерлер алғаш рет өз күштерімен 74 жастағы науқасқа жамбас буынына тотальды эндопротез орнату отасын сәтті жүзеге асырды.
Науқас көшеде құлап, жамбас сүйегінің мойны сынған күйде травматология және ортопедия бөліміне жеткізілген. Дәрігерлер консилиумы егде жастағы адамның сүйегі өздігінен біте қоймайтынын, ал ұзақ уақыт қозғалыссыз жату өміріне қауіп төндіретінін ескеріп, шұғыл ота жасау туралы шешім қабылдаған.
– Бұрын мұндай жоғары технологиялық оталар тек облыс деңгейінде жүзеге асатын. Ал бұл жолы аудан дәрігерлері өз күштерімен, замануи әдістерді қолдана отырып, күрделі отаны сәтті аяқтады. Бұл аудан медицинасы үшін тарихи күн деуге болады, – деді аудандық аурухананың бас дәрігері Асулан Абдрахманов.
Қазіргі уақытта пациенттің жағдайы қанағаттанарлық, ол оңалту курсынан өтіп жатыр.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
В Атырау +4