Атырау, 5 желтоқсан 09:10
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Қазақстанда көміртек бейтараптығына қол жеткізу үшін ​ұлттық стандарттар қабылданды

220 рет қаралды
Сурет: freepik.com
Сурет: freepik.com

Қазақстанда климаттың өзгеруіне қарсы күрес және көміртек бейтараптылығына қол жеткізу мақсатында екі жаңа ұлттық стандарт қабылданды. Бұл құжаттар халықаралық тәжірибеге негізделген және елдің 2060 жылға дейінгі экологиялық стратегиясын жүзеге асыруға бағытталған.

«ҚазСтандарт» әзірлеген жаңа стандарттар:

  • СТ РК ISO 14068-1 – климаттың өзгеруін басқару және таза нөлге көшу жолдарын сипаттайды;
  • СТ РК IWA 42 – көміртек бейтараптылығы бойынша нақты нұсқаулық береді.

Бұл стандарттар парниктік газдар шығарындыларын бағалау, азайту, өтеу және есептілік жүргізу бойынша бірыңғай тәсілдерді қалыптастырады. Олар экологиялық ұйымдар мен мониторинг орталықтары үшін ортақ қағидаттар ұсынады.

Жаңа ережелердің енгізілуі:

  • ұлттық MRV жүйесін халықаралық талаптармен үйлестіруге;
  • климаттық деректердің ашықтығын арттыруға;
  • қазақстандық компаниялардың жаһандық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге;
  • төмен көміртекті технологияларды дамытуға мүмкіндік береді.

Стандарттарды әзірлеуге «ECOJER», «KazWaste», Еуразиялық өнеркәсіп қауымдастығы, «GREENORDA PROJECT» және басқа да сараптамалық ұйымдар белсенді атсалысты.

Бұл қадам Қазақстанның халықаралық климаттық бастамаларға интеграциялануына және экологиялық тұрақты экономикаға көшуіне жол ашады.

10 қараша, 15:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.