
«Атырау–Астрахань» бағытындағы республикалық маңызы бар автожолдың 616–621 шақырым аралығы Атырау облысы әкімдігінің қарамағына беріліп, оны I техникалық санатқа сәйкестендіру жоспарлануда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
Қазіргі таңда ұзындығы 4,76 шақырым болатын айналма жолдың құрылысы толық аяқталған. Сонымен қатар:
- 2,2 шақырым учаскеде жолдың негізгі қабаты төселді;
- Оның 0,8 шақырымына қиыршық тас пен құмды қоспа жайылды;
- Газ, су және «Қазақтелеком» инженерлік желілері жаңа бағытқа толықтай көшірілді.
Құрылыс-монтаждау жұмыстарын «Қазахдорстрой» ЖШС жүзеге асыруда. Қазіргі уақытта:
- Теміржол өткелінің кірме жолдарына топырақ төселуде;
- Жаңа теміржол өтпесіне арналған 500 тірек орнатылып, бекітілді.
Жолдың сипаттамасы:
- Жалпы ені — 15 метр;
- Қозғалыс бөлігі — төрт жолақты, әрқайсысы 3,5–4 метр;
- Бөлу жолағы — 4 метр;
- Көпір ұзындығы — 89,4 метр;
- Құрылыс мерзімі — екі жыл.
Жоспар бойынша, жаңғырту жұмыстары жыл соңына дейін 70% көлемінде аяқталуы тиіс.
В Атырау +4