Атырау, 5 желтоқсан 09:10
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​2 млн гектар пайдаланылмаған жер мемлекет меншігіне қайтарылды

208 рет қаралды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында жер ресурстарын тиімді игерудің маңыздылығын атап өткен болатын. Ол ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмай жатқан және заңсыз берілген жерлерді мемлекетке қайтарып, қайта бөлуді тапсырған еді.

Осы тапсырма аясында 2025 жылы Ауыл шаруашылығы министрлігі жоспарды мерзімінен бұрын орындады. Жерді қайтару жұмыстары республикалық, облыстық және аудандық деңгейлерде жүйелі түрде жүргізілді.

Нәтижесінде:

  • 2,2 млн гектар жер тексерілді;
  • 1,8 млн гектар бойынша 1 286 ұйғарым берілді;
  • 281,4 мың гектар жерге қатысты сот процестері жалғасуда;
  • 464,7 мың гектар жерді жер иелері өз бетімен игере бастады.

Қайтарылған жердің 704,7 мың гектары халыққа берілді:

  • 176,6 мың гектар — қоғамдық жайылым ретінде,
  • 528,1 мың гектар — ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне конкурс арқылы бөлінді.

«Жер аманаты» комиссиясы мен «AMANAT» партиясы процестің ашықтығын қамтамасыз етіп, қоғамның белсенді қатысуына жол ашты.

Жоспардың мерзімінен бұрын орындалуы:

  • жер ресурстарын басқарудың тиімділігін көрсетті,
  • жерді ұтымды пайдалану үшін жағдай жасалды,
  • ауыл шаруашылығының дамуына серпін берді.
10 қараша, 14:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.