Атырау, 5 желтоқсан 07:30
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Трамп АҚШ-тағы шатдаунның жақын арада аяқталатынын мәлімдеді

189 рет қаралды

АҚШ президенті Дональд Трамп елдегі үкімет жұмысының тоқтап тұруы — шатдаун — жақын арада аяқталатынын айтты, деп хабарлайды Коммерсантъ.

Бұл туралы ол Ақ үй алдында журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді. Оның айтуынша, нақты мәліметтер «өте жақын арада» жарияланады.

Бүгін АҚШ Сенаты үкімет жұмысын қайта бастауға бағытталған заң жобасын мақұлдады. Құжатты 60 сенатор қолдап, 40-ы қарсы дауыс берді. Енді заң жобасы Өкілдер палатасына жіберіліп, соңғы шешімді президент Трамп қабылдайды.

Бұл заң жобасы жаңа бюджет жоспарының негізі болмақ. Ол бірнеше маңызды мемлекеттік мекемелерді қаржыландыруды қамтиды:

  • Ауыл шаруашылығы министрлігі,
  • Тағам мен дәрі-дәрмекті бақылау басқармасы (FDA),
  • Ардагерлер істері жөніндегі агенттік,
  • Әскери құрылыс жобалары,
  • Конгресс қызметі.

Шатдаун АҚШ-та 39 күнге созылып отыр. Ол демократтар мен республикашылар үкімет шығындары бойынша келісімге келе алмағаннан кейін басталған. Сарапшылардың есебінше, бұл үкімет тоқтауы ел экономикасына аптасына $10–30 млрд шығын келтіруде.

Егер заң жобасы Өкілдер палатасында қабылданып, Трамп қол қойса, үкімет жұмысы қайта жанданып, федералды мекемелер қалыпты режимге оралады.

10 қараша, 14:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.