Атырау, 5 желтоқсан 07:10
 ашықВ Атырау +1
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атыраулық полицейлер әлем чемпионатында жүлделі орындарға ие болды

255 рет қаралды
Polisia.kz
Сурет: Polisia.kz

7–9 қараша күндері Ресейдің Рязань қаласында өткен қоян-қолтық ұрыстан Әлем чемпионатында қазақстандық тәртіп сақшылары жоғары нәтиже көрсетті. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Байрақты додаға 22 елден 154 спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады. Қазақстан атынан Атырау облысы полиция департаментінің қызметкерлері сынға түсіп, кәсіби шеберлік пен табандылықтың үлгісін көрсетті.

Нәтижесінде:

  • Қуандық Бекназаров (73 келі) — барлық қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, Әлем чемпионы атанды;
  • Эльдар Мұхитов (97 келі) — күміс жүлде иеленді;
  • Елдар Отаралы (67 келі) — қола медаль жеңіп алды.

Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етумен қатар, халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғаған полицейлерге жаңа белестер мен табыстар тілейміз.

10 қараша, 13:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.