
Ақтауда мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде мектептерде террористік актілер жоспарланып жатыр деген ақпарат тарап, тұрғындарды алаңдатты. Алайда бұл хабарламаның шындыққа жанаспайтыны белгілі болды, деп хабарлайды otpannews.kz.
Маңғыстау облыстық полиция департаменті таратылған мәліметтің жалған екенін растады. Қазіргі таңда құқық қорғау органдары тексеру жұмыстарын жүргізіп, қауіпсіздік шараларын күшейтті.
"Жағдай толықтай бақылауда. Тұрғындардан тек ресми ақпарат көздеріне сеніп, тексерілмеген мәліметтерді таратпауын сұраймыз”, – делінген полицияның ресми хабарламасында.
Еске салайық, террористік акт туралы жалған ақпарат тарату Қазақстан заңнамасына сәйкес қылмыс болып саналады және 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
В Атырау +4