Атырау, 5 желтоқсан 09:09
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Атырау облысында ауыл тұрғындары ішімдіктен бас тартты

Бейнежазба
667 рет қаралды
Polisia.kz видеосынан жасалған скриншот
Polisia.kz видеосынан жасалған скриншот

Қазір Атырау облысында 50-ден астам елді мекен ерікті түрде ішімдікті сатып, пайдаланудан бас тартты деп хабарлайды Polisia.kz. 

Солардың бірі – Махамбет ауданына қарасты Еңбекшіл ауылы. Бүгінде ауылда 47 үй, 272 адам бар. Шағын ғана елді мекенде бір мектеп, медициналық пункт және күнделікті тұрмысқа қажетті тауарларды ұсынатын жалғыз дүкен жұмыс істейді.

Махамбет аудандық полиция бөлімі Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі бастығының міндетін атқарушы, полиция майоры Айдос Сейтқазиевтің айтуынша, ауылдағы тыныштық пен тәртіп – адамдардың өзара түсіністігінің нәтижесі.

- Биыл ауыл тұрғындары өзара келісе отырып, ішімдік сатуға да, ішуге де мүлде тыйым салуды ұйғарды. Қазір ауылға келсеңіз, тыныштық пен татулық орнаған. Адамдардың ой-санасы өзгеріп келеді – ішімдіксіз өмірдің сәні мен мәні бар екенін түсінді, – деді полиция майоры.

Еңбекшіл – еңбекті қадірлейтін, бірлігі бекем ауыл. Таң ата еңбекке кірісіп, кешкісін бәрі бір дастарқан басына жиналады. Қонақ келсе, төрден орын ұсынып, жылы шырай таныту – бұл жерде өмір салтына айналған дәстүр. Ауыл ақсақалдары жастарға өнеге айтып, татулық пен өзара сыйластықты үнемі насихаттап отырады. Осындай бауырмалдық пен ортақ жауапкершілік арқасында мұнда дау-жанжал да, ұрыс-керіс те жоқ.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, мұндай ауылдарда қоғамдық тәртіптің деңгейі жоғары, тұрғындар арасындағы сыйластық та берік. 

Бұл бастама аудандық әкімшіліктер деңгейінде қолдауға ие болып, Қазақстанның басқа өңірлері үшін үлгі болды.


7 қараша, 18:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.