Атырау, 5 желтоқсан 09:10
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Боксшы Аида Әбікеева мен футболшы Дастан Сәтпаев «Дарын» сыйлығының иеленді

479 рет қаралды

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының жеңімпаздары анықталды. Олардың арасында бокстан әлем чемпионы Аида Әбікеева мен футболшы Дастан Сәтпаев бар, деп хабарлайды 1bol.kz.

Биыл бұл сыйлыққа 300-ден астам үміткер ұсынылып, оның 294-і комиссияда қаралды.

Аталмыш байқау жеңімпаздары «Ғылым» номинациясы бойынша 64, «Дизайн және бейнелеу өнері» – 19, «Спорт» – 27, «Театр және кино» – 41, «Эстрада» – 13, «Журналистика» – 16, «Халық шығармашылығы» – 41, «Қоғамдық қызмет» – 31, «Әдебиет» – 15, «Классикалық музыка» – 27 үміткердің арасынан таңдалды.

Комиссияның құрамында депутат, саясаткер, қоғам белсенділері, мәдениет, өнер, медиа және спорт қайраткерлерінен құралған 37 мүше болды. 

«Спорт» аталымында бокстан әйелдер арасында екі дүркін чемпион Аида Әбікеева мен футболшы Дастан Сәтпаев жеңіске жетті.

Айта кетейік, 2025 жылы Аида Әбікеева Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) өткізген әлем чемпионатында топ жарған еді. Биыл Англияда өткен World Boxing біріншілігінде ол әлемнің үздігі мәртебесін тағы растады.

Ал 17 жастағы Дастан Сәтпаев биыл «Қайраттың» үздік сұрмергені атанды. Алматы клубымен ел чемпионы болды. Чемпиондар лигасында командасының жалпы кезеңге шығуына орасан зор үлес қосты.

Еске салсақ, «Дарын» сыйлығы 1992 жылы талантты жастарды ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметі мен спорттағы жетістіктері үшін мемлекеттік қолдау мақсатында құрылған.

7 қараша, 18:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.