
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі елдің Авраам келісімдеріне ресми түрде қосылғанын хабарлады.
Министрліктің мәліметінше, бұл қадам Қазақстанның ұлттық мүдделеріне және елдің дәстүрлі бейбіт әрі теңгерімді сыртқы саясатына толық сәйкес келеді. СІМ өкілдері келісімдерге қосылу Қазақстанның өңірдегі және жаһандық әріптестермен ынтымақтастығын кеңейтіп, халықаралық байланыстарды нығайтуға жол ашатынын атап өтті.
«Авраам келісімдеріне қосылу — Қазақстанның барлық мүдделі мемлекеттермен өзара тиімді ықпалдастығын арттыруға бағытталған шешім. Бұл еліміздің ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттарына сай келеді», — делінген ресми хабарламада.
Сонымен қатар, Қазақстан Таяу Шығыстағы жағдайды реттеуде бірізді ұстанымын сақтайтынын мәлімдеді. СІМ позициясына сәйкес, қақтығысты шешу халықаралық құқыққа, БҰҰ қарарларына және «екі халыққа — екі мемлекет» қағидатына негізделуі тиіс.
В Атырау +4