
Қашаған газ өңдеу зауыты (ГӨЗ) 2026 жылдың желтоқсанында іске қосылады. Бұл туралы «QazaqGaz» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Әлібек Жамауов Atameken Business арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.
Оның айтуынша, нысандағы құрылыс жұмыстары қорытынды кезеңге таяған:
-
ірі габаритті жабдықтарды монтаждау аяқталды;
-
фундамент құю жұмыстары соңына жетті;
-
метал конструкциялар орнатылуда;
-
резервуарлар құрастыру және технологиялық коммуникацияларды жалғау жүргізіліп жатыр.
«Зауыт пайдалануға берілген соң жылына 1 млрд текше метрге дейін газ өңдеуге мүмкіндік туады. Бұл елдің энергетикалық қауіпсіздігін күшейтіп, Қазақстан өңірлеріне отын жеткізілімін тұрақтандырады», — деді Әлібек Жамауов.
Неліктен маңызды?
Қашаған ГӨЗ — еліміздің газ инфрақұрылымын дамытудағы стратегиялық жоба. Кешен іске қосылған соң:
-
шикізатты өңдеу көлемі артады,
-
ішкі нарыққа қосымша газ жіберіледі,
-
импортқа тәуелділік төмендейді.
Бұған дейін зауытты іске қосу 2025 жылға жоспарланған, алайда ауқымды құрылыс көлемі мен күрделі технологиялық үдерістерге байланысты мерзім 2026 жылға ұзартылды.
В Атырау +4