Атырау қаласында «Қазақтелеком» АҚ облыстық филиалының орталық кеңсесіне қарсы Пушкин көшесінің бойында кенеттен аса қарқынды жылдамдықпен екі қабатты жаңа ғимарат бой көтерді.
Классикалық стильдегі, өзінің салтанатты колонналарымен ескі «Мир» кинотеатрын (ол жолдың арғы жағында орналасқан) еске түсіретін ғимаратқа кешікпей қалалық «Нұр Отан» ХДП филиалының көшетіндігі анықталды. Ашылу рәсімі шамамен 26 қыркүйекте өтпек. Партияға және қалалық билікке осындай сыйды «БатысАльянсСтрой» құрылыс компаниясының және «Қазақстан» мейманханасының («Өнерпаз» тұрмыстық үйінің жанында) қожайыны, жергілікті депутат, облыстық мәслихаттың бюджеттік комиссиясының төрағасы Әділ ЖҰБАНОВ (суретте) тарту етпек екен. Ол «АЖ» тілшісіне телефон арқылы құрылыстың 45 млн теңгеге шыққанын хабарлады.
Билеуші партияға бизнесмендер осындай сыйлықтар жасауды дәстүрге айналдырған деуге болады. 2006 жылы кәсіпкерлер тобы Атырау қаласы әкімдігінің жанынан облыстық партия филиалының кеңсесін салып берген еді. Ал қалалық филиалға үш түрлі мекен-жайға көшіп-қонуға тура келген болатын. Айтпақшы, қазан айының ортасында Астанада «Нұр Отанның» съезі өтпек. Соған орай Атыраудан тағы бір ғимаратқа ие болу – тамаша сыйлық болмақ.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ