Атырау, 5 желтоқсан 09:09
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

«Қазпошта» басшысы ауылдарда газет бағасының өсу себебін түсіндірді

315 рет қаралды
Сурет: informburo.kz
Сурет: informburo.kz

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Бекежан Жәкеев ауылдық елді мекендерде газет-журналдарды жеткізу құнының неге өскенін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, ауылдарға мерзімді баспасөз басылымдарын тарату бағасын уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.

«Мемлекет тарапынан субсидия берілгенімен, ауылдық жерлерге басылым жеткізу айтарлықтай шығынды талап етеді. Соған қарамастан, “Қазпошта” өз әлеуметтік міндетін орындап, жазылушыларды газет-журналдармен қамтамасыз етіп отыр», — деді Бекежан Жәкеев депутаттық сауалға берген жауабында.

Компания басшысы газет-журналдарға жазылушылар санының азаюы мен басылымдардың шығу жиілігінің төмендеуі әр дананы жеткізу құнының өсуіне әсер еткенін атап өтті.

«Біз ұзақ уақыт бойы бұрынғы тарифтерді сақтап келдік. Бұл редакциялардың қаржылық жүктемесін жеңілдетіп, отандық БАҚ-ты қолдау мақсатында жасалған шара еді», — деді ол.
7 қараша, 16:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.