
6 қараша күні Тобыл станциясында сағат 07: 45-те Қостанай вагон депосының қызметкері вагон-цистернаның астындағы жол табанынан бөгде адамды тауып алды.
"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ның баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, ер адам алкогольді ішімдік ішіп, мас күйінде болған, оның жанынан спирттің бөтелкесі табылған.
Ер адам қауіпті аймақтан дер кезінде шығарылды. Теміржолшының қырағылығы болмағанда қайғылы жағдай орын алатын еді. Әсіресе ауа температурасының төмендігін ескеретін болсақ.
Ер адамның жеке басы анықталып, жедел жәрдем бригадасына тапсырылды. Ақпарат Тобыл станциясының желілік полиция бөліміне берілді.
Компания мамандары теміржол көлігінің нысандары аса қауіпті аймақ екенін атап өтіп, жол бойында, оның үстіне мас күйінде жүру адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін ескертті.
В Атырау +4