Атырау, 5 желтоқсан 07:29
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Илон Маск Tesla өтемақысының арқасында 1 триллионға ие болады

260 рет қаралды
Сурет: Anadolu Ajansi
Сурет: Anadolu Ajansi

Tesla акционерлері компанияның негізін қалаушы әрі бас директоры Илон Маскқа 1 триллион долларға жуық өтемақы төлеу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды BBC News.

Бейсенбі күні өткен акционерлердің жыл сайынғы жиналысында қатысушылардың 75%-ы бұрын-соңды болмаған көлемдегі бонусты қолдады.

Бұл келісім Маскті алдағы жылдары Tesla компаниясының нарықтық құнын едәуір арттыруға міндеттейді. Егер ол шарттағы мақсаттарға қол жеткізсе, оған жүздеген миллион жаңа акциялар табысталады.

Сарапшылардың пікірінше, бұл өтемақы Маскті тарихтағы тұңғыш триллионерге айналдыруы мүмкін. Қазан айының басында кәсіпкердің байлығы 500 миллиард долларға жетіп, әлемде мұндай көрсеткішке қол жеткізген алғашқы адам атанған еді.

Қазір Tesla-ның нарықтық құны 1,4 триллион доллар шамасында. Маск оны 8,5 триллион долларға дейін ұлғайтуды көздеп отыр. Сонымен қатар ол Tesla Robotaxi деп аталатын өздігінен басқарылатын көліктерді кеңінен коммерциялық іске қосуды жоспарлауда.

«Бұл Tesla-ның жаңа дәуірі ғана емес, мүлде жаңа туындының бастамасы. Бізде әр жиналыс – жаңа идеялар алаңы», — деді Маск Остиндегі жиында.

Бекітілген келісім Маскті компанияда кем дегенде 7,5 жыл жұмыс істеуге міндеттейді және оның үлесін 12%-дан 25%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Дегенмен, Tesla-ның кейбір ірі инвесторлары — АҚШ-тағы CalPERS және Норвегияның мемлекеттік зейнетақы қоры — Маскқа мұндай көлемдегі өтемақы төлеуге қарсы шыққан.

7 қараша, 14:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.