Атырау, 5 желтоқсан 09:10
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырау колониясында сотталған азамат некеге отырды

Сурет
312 рет қаралды

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №15 мекемесінде ерекше оқиға орын алды — сотталған азамат ресми түрде некеге отырды. 

Салтанатты рәсімге Атырау облыстық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы А. Жәнекешова мен «Ат-Тахуа» мешітінің бас имамы А. Абдиров қатысып, жас жұбайларға батасын берді.

Сотталған Н.К. сүйіктісінің келісімін алғанын қуана хабарлап, оған гүл шоғын және неке жүзігін сыйға тартты.

Мекеме басшысының орынбасары Еркебұлан Бисенғалиев жас жұбайларды құттықтап, оларға татулық, өзара құрмет пен отбасылық бақыт тіледі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Неке қию — жаңа өмірдің бастамасы» ұранымен бұл күні тағы бір жұп ресми түрде отбасын құрды.

Департамент өкілдерінің айтуынша, мұндай бастамалар отбасылық институтты нығайтуға және сотталғандардың қоғамға бейімделуіне оң әсер етеді.

7 қараша, 14:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.