
Беларусь билігі ел аумағында қалып қойған литвалық жүк көліктеріне шекарадан өтуге рұқсат бермеді. Бұл туралы BNS агенттігі Литва ішкі істер министрінің кеңесшісі Миндаугас Баярунаске сілтеме жасап хабарлады, деп жазады Коммерсантъ.
Оның айтуынша, Литва жүк көліктеріне Шальчининкайдағы бақылау-өткізу пункті арқылы өз еліне қайтуға мүмкіндік сұраған, алайда Минск бұл ұсынысты қабылдамаған.
29 қазанда Литва Беларусьпен автокөлік шекарасын бір айға уақытша жапқан болатын. Мұндай шешім шекарадан метозонд арқылы контрабандалық жолмен темекі тасымалдау жағдайларының жиілеуімен түсіндірілген. Бұл әуе қауіпсіздігіне қатер төндіріп, әуежайлардың уақытша жабылуына себеп болған.
Жауап ретінде Беларусь 31 қазаннан бастап литвалық және поляк жүк көліктері мен тракторларының өз аумағында қозғалысына шектеу енгізді. Соның нәтижесінде Беларусь аумағындағы шекара маңында Литваның шамамен 5 мың жүк көлігі жиналып қалған.
В Атырау +4