Атырау, 5 желтоқсан 09:08
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

БЦС және созылмалы аурулары бар пациенттерге жеңілдіктер сақталады

303 рет қаралды

Қазақстанда церебральды сал ауруы және әлеуметтік маңызы бар басқа да дерттері бар азаматтарға медициналық көмек көрсетудің барлық кепілдіктері сақталады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап елде медициналық көмектің бірыңғай кепілдік пакеті енгізіледі. Министрліктің мәліметінше, жаңа модельге көшу созылмалы ауруы бар пациенттерге қызмет көрсету мен дәрілік қамтамасыз ету көлемін қысқартпайды. Барлық азаматтар бұрынғыдай тегін ем мен қажетті дәрі-дәрмекті алады.

Жаңашылдықтар денсаулық сақтау жүйесін әділ, тұрақты және баршаға қолжетімді етуге бағытталған.

Айта кетейік, 2025 жылы 14 шілдеде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және медициналық қызметтер көрсету мәселелері бойынша» заңға түзетулер қабылданды. Құжат МӘМС жүйесін жетілдіруді және халықты медициналық көмектің кең спектріне қолжетімді етуді көздейді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес алғаш рет әлеуметтік осал топтарды (D және Е санаттары) сақтандыруға мүмкіндік беретін қаржылық механизмдер енгізіледі. Бұл қосымша 1 млн-нан астам азаматқа медициналық қызметтерге қол жеткізуге жол ашады.

Сонымен бірге мемлекет балалар, жүкті әйелдер, зейнеткерлер, студенттер, мүгедектігі бар адамдар және жұмыссыздар сияқты жеңілдік санатындағы азаматтарға қатысты барлық әлеуметтік кепілдіктерді сақтайды. Бұған БЦС-мен ауыратын пациенттер де кіреді — жалпы саны 11 млн-нан астам қазақстандық.

7 қараша, 13:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.