
Түркістан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы «Заң мен Тәртіп» қағидасы шеңберінде заңсыз құм-қиыршықтас өндіру фактілерінің алдын алу және жолын кесу мақсатында рейд жүргізді.
Арнайы дронның көмегімен Сауран ауданы аумағындағы Құрсай өзені бойында жер қойнауын бұза отырып, инертті материалдардың заңсыз өндірілгені анықталды.
Прокуратура мәліметінше, жер қойнауын заңсыз пайдалану — тұрғындар арасында наразылық тудырып, өңірдегі қоғамдық-саяси тұрақтылыққа және экологияға кері әсер ететін қатерлі фактор.
Қадағалау шараларының нәтижесінде заңсыз жасалған меморандумның күші жойылды. Сонымен қатар Шаға ауылдық округінің әкімі тәртіптік теріс қылыққа жол бергені үшін қызметінен босатуға ұсынылды. Аудан әкімінің орынбасары мен полиция қызметкерлері де тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
В Атырау +4