Атырау, 5 желтоқсан 07:45
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Атырау облысына жыл басынан бері 300-ге жуық этникалық қазақ көшіп келді

301 рет қаралды

Атырау облысына шет елдерден 173 отбасы немесе 259 этникалық қазақ көшіп келіп, Қазақстан Республикасында тұрақтап қалу мақсатында қандас мәртебесін алды,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Олардың басым бөлігі – Өзбекстаннан (143 отбасы). Сондай-ақ Ресей Федерациясынан 17, Түрікменстаннан 3, ҚХР-дан 9 және Монғолиядан бір отбасы келген.

облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Әбілқасымовтың мәліметі бойынша, қоныстанушылардан 158 отбасы Атырау қаласына, 7 отбасы Жылыой ауданына, 6 отбасы Құрманғазы ауданына, ал Мақат және Исатай аудандарына бір-бір отбасыдан орналасты.

⁃ 2025 жылы облысқа қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына 103 бірлік бөлінді. Қараша айындағы комиссияның шешімімен 64 отбасыдан 103 қандас квотаға енгізіліп, тиісті әлеуметтік қолдаулармен қамтамасыз етілді. Осы квота аясында 62 отбасыны (100 адам) көшіруге 70 АЕК мөлшерінде 27,5 млн теңге әлеуметтік төлем алынды, - деді ол.

Сонымен қатар 23 отбасыға тұрғын үйді жалдауға және коммуналдық қызметтерге 6,4 млн теңге көлемінде көмек берілді. Қосымша бес отбасы жалпы сомасы 22,7 млн теңгеге тең экономикалық мобильдік сертификатпен қамтылды. Бұдан бөлек 21 қандастың мәртебесі алты ай мерзімге ұзартылды.

Мансап орталықтарына 2025 жылдың 1 қарашасына дейін 15 қандас жүгінген, олардың бесеуі әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды. Атап айтқанда, екі адам тұрақты жұмысқа, қос қандас қоғамдық еңбекке тартылып, бір адам қайта даярлау курсын оқыды.

7 қараша, 12:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.