Атырау, 5 желтоқсан 07:46
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Сирия президентіне салынған санкцияларды алып тастады

298 рет қаралды

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Сирия президенті Ахмед Әш-Шара мен ішкі істер министрі Энес Хаттабқа қатысты санкцияларды алып тастау жөнінде резолюция қабылдады, деп хабарлайды АА.

АҚШ бастаған бұл құжатқа тек Қытай дауыс бермей, қалыс қалды. Резолюция президент Әш-Шараның алдағы АҚШ-қа ресми сапарына дайындық аясында бекітілген.

Құжат қабылданғаннан кейін БҰҰ-дағы АҚШ-тың тұрақты өкілі Майк Уолтц Кеңес мүшелеріне алғыс айтты. Ол бұл шешім Сирияның "жаңа кезеңге қадам басқанын" көрсететінін атап өтті.

Уолтцтың айтуынша, 2024 жылдың желтоқсанында Башар Асад биліктен кеткеннен кейін Әш-Шара басқарған Сирия терроризм мен есірткіге қарсы күресіп, химиялық қару қалдықтарын жою, аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту бағытында белсенді жұмыс істеп келеді.

Associated Press хабарлауынша, Ақ үйге сапар алдында АҚШ БҰҰ-да санкцияларды алып тастау туралы резолюция мәтінімен жұмыс жүргізген.

БҰҰ хабарлауынша, қабылданған резолюцияда Сирияның егемендігі, тәуелсіздігі, аумақтық тұтастығы және ұлттық бірлігіне құрмет білдіру керектігі айтылған.

Сондай-ақ Қауіпсіздік кеңесі мүшелері Сирияның ұзақ мерзімді қалпына келуі, тұрақтылығы және экономикалық дамуына қолдау көрсететінін жеткізді.

Резолюцияның қабылдануы үшін 15 мүшенің кемі 9-ы қолдап, тұрақты бес мүшенің (Қытай, Ресей, Ұлыбритания, Франция және АҚШ) ешқайсысы вето қоймауы керек еді.

7 қараша, 11:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.