Атырау, 5 желтоқсан 09:35
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Атырау облысында жеті айда​ 1300-ге жуық мопед пен электрлі көлік тіркелді

299 рет қаралды
Видеодан скриншот
Видеодан скриншот

Атырау облысында 2025 жылдың 5 сәуірінен бері мопедтер мен электрлі көліктерді тіркеу жұмыстары белсенді жүргізіліп келеді. Осы уақыт аралығында 1300-ге жуық көлікке мемлекеттік нөмір берілген. 

деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жеңіс Дәулетовтің айтуынша, тіркеуден өтпеген мопедтер мен электрлі көліктер айыппұл салынып, арнайы автотұраққа қойылады. Сонымен қатар, жүргізуші куәлігінсіз немесе тіркеусіз көлік басқарған азаматтарға 10 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде айыппұл қарастырылған.

Айта кетейік, 2025 жылдың 5 сәуірінен бастап «Жол қозғалысы туралы» Заңға енгізілген өзгерістер күшіне енді. Жаңа талаптарға сәйкес, көлемі 50 текше сантиметрге дейінгі мопедтер механикалық көлік құралдары санатына жатқызылып, оларды басқару үшін А1, А немесе В санатындағы жүргізуші куәлігі қажет. 

Сондай-ақ, мопед иелері мемлекеттік тіркеуден өтіп, міндетті сақтандыру мен техникалық байқаудан өтуге міндеттеледі.


6 қараша, 18:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.