Атырау, 5 желтоқсан 09:34
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырау тұрғыны көшеде темекі қалдығын тастағаны үшін айыппұл арқалады

325 рет қаралды

Атырау қаласының әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотында қоғамдық тәртіпті бұзуға қатысты іс қаралды, деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Оқиға 2025 жылдың 1 қарашасы күні сағат шамамен 17:35-те Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің маңында болған. Азаматша М. қоғамдық орында темекі шегіп, оның тұқылын белгіленбеген жерге тастап, ортақ пайдаланудағы аумақты ластаған.

Істі қарау барысында әйелдің айыбы хаттама, түсініктеме және бейнежазба арқылы толық дәлелденді.

Сот кінәсін мойындауы мен өкінуін жеңілдететін мән-жай ретінде есептеп, ескерді.

Сот қаулысымен азаматша М. кінәлі деп танылып, оған 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. Жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларға байланысты айыппұл сомасы 30%-ға қысқартылып, 27 524 теңге көлемінде белгіленді. Сот қаулысы заңды күшіне енді.

6 қараша, 17:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.