
Польша Ресеймен шекарадағы күзет жүйесін жаңғыртады. Бұл жобаға шамамен $7 млн бөлінеді, оның негізгі бөлігі – Еуропалық одақтың қаржыландыруы, деп хабарлайды INTERFAX.RU.
Польша шекара қызметінің хабарлауынша, жобаның мақсаты – Ресей Федерациясымен шекарада бақылау мүмкіндіктерін күшейту. Ол үшін байланыс және телекоммуникациялық инфрақұрылым жаңартылып, қауіпсіздік жүйелері жетілдіріледі және шекара қызметкерлеріне арналған мобильді шешімдер енгізіледі.
Жоба аясында радиобайланыс, спутниктік және телекоммуникациялық жабдықтар сатып алынады, сондай-ақ қауіпсіздік жүйелерінің администраторлары оқытылады.
Жобаның жалпы құны – шамамен 25,85 млн злотый (шамамен $7 млн). Оның 90%-ын немесе $6,3 млн-ын ЕО Шекараларды басқарудың интеграцияланған қорынан бөледі.
Бұл шаралар шекара бақылау жүйесінің қауіпсіздігін арттыруға, IT-инфрақұрылымның тұрақтылығын жақсартуға, даладағы бөлімшелермен байланыс үзілмеуін қамтамасыз етуге және шекара қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетуге көмектеседі. Сонымен бірге Беларусьпен шекарадағы бақылау жүйесін күшейту жобасымен қатар жүзеге асырылуда.
В Атырау +4