Атырау, 5 желтоқсан 09:35
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Аудиттен кейін Денсаулық сақтау министрлігінің бірқатар шенеунігі жауапқа тартылды

227 рет қаралды

Мемлекеттік аудит нәтижесінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен оған қарасты ұйымдардың бірнеше лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Жоғары аудиторлық палата хабарлады.

Аудит барысында азаматтарды және медициналық мекемелерді дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету саласында бірқатар бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталған. Осыған байланысты Жоғары аудиторлық палата тиісті тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы тапсырма берген.

Тәртіптік жазаға тартылғандар қатарында:

  • ҚР ДСМ Дәрі-дәрмек саясаты департаментінің директоры;
  • ҚР ДСМ Фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту департаментінің директоры;
  • ҚР ДСМ Ғылым және адами ресурстар департаменті директорының орынбасары;
  • «Инфекцияға қарсы препараттардың ғылыми орталығының» директоры;
  • «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» бас директорының орынбасары;
  • «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

Сонымен қатар, 2025 жылғы 3 шілдедегі бұйрықпен «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған.

Жоғары аудиторлық палата жүргізген тексеріс нәтижелері бойынша басқа да ұсынымдар мен тапсырмаларды орындау жұмыстары жалғасып жатыр.

6 қараша, 14:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.