Атырау, 5 желтоқсан 09:35
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Қазақ өнімдері Қытай дүкендеріне жол тартты

240 рет қаралды
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінің
Сурет: ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстандық өндірушілер China International Import Expo (CIIE) халықаралық көрмесіне қатысып, өз өнімдерін Қытай нарығына таныстырды. Биыл Қазақстан көрмеде бірден төрт алаңда — ұлттық павильонда, China Co-Op, Jiangsu SOHO және Алматы қаласының жеке стендінде — өнімдерін ұсынды.

QazTrade пен NACOFEC Қытайдың ең ірі кооперативтік желісі China Coop-пен серіктестік орнатып, бал, қымыз, шұбат және кондитерлік өнімдердің алғашқы партиясын 341 000 дүкенге шығаруға дайындалып жатыр. Бұл желінің жылдық айналымы — 7 трлн юаньнан асады.

Қазақстандық стендте 30-дан астам компания өз өнімдерін таныстырды. Олардың қатарында QazExport Global, Dinastiya Agro, Kokshetau Mineral Water, NefisGroup Ltd. және басқа да кооперативтер бар.

QazTrade бас директоры Айтмұхаммед Алдажаровтың айтуынша, кооперация арқылы Қытай нарығына шығу — ұзақ мерзімді, тұрақты экспортқа жол ашады. Алдағы уақытта ұн, өсімдік майы, ет, бал, сүт және кондитерлік өнімдерге басымдық беріледі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында ауылдық кооперацияны дамытуды тапсырған болатын. Пилоттық жобалар нәтижесінде өнімділік екі есеге, мал басы 25%-ға артқан. Бұл тәжірибе ел аумағында кезең-кезеңімен кеңейтілмек.

6 қараша, 13:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.