Атырау, 5 желтоқсан 08:00
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Вашингтонда ұлттық гвардияның қызмет мерзімі 28 ақпанға дейін ұзартылды

223 рет қаралды

АҚШ астанасы Вашингтонда орналастырылған Ұлттық гвардия әскерилері келесі жылдың 28 ақпанына дейін қызметін жалғастырады. Бұл туралы Associated Press (AP) агенттігі танысқан ресми құжатта айтылған, деп жазады АА.

4 қарашадағы ресми жарлыққа сәйкес, қызмет мерзімін ұзарту шешімі АҚШ президенті Дональд Трамптың тамыз айында жариялаған төтенше жағдайына және Пентагон басшысы Пит Хегсеттың «федералдық және жергілікті құқық қорғау органдарына қолдау көрсету» туралы бұйрығына байланысты қабылданған.

Маусым айында АҚШ әкімшілігі миграциялық саясатқа қарсы наразылықтарды басу үшін Лос-Анджелеске Ұлттық гвардия күштерін жіберген. Тамыз айында дәл осындай күштер қылмыспен күресті күшейту мақсатында Вашингтонға орналастырылды.

Президент Трамптың ел астанасына гвардия әскерін орналастыру және Вашингтон полиция департаментін федералдық бақылауға алу шешімі сынға ұшырады. Қарсы тарап бұл әрекетті «билікті қауіпті шоғырландыру» деп бағалады.

Сонымен қатар, 4 қазанда федералдық билік шамамен 200 гвардияшысын Орегон штатының Портленд қаласына жіберді, ал 6 қазанда тағы шамамен 400 Ұлттық гвардия қызметкерін Техастан Орегон, Иллинойс және басқа штаттарға жөнелту туралы шешім қабылдады.

6 қараша, 13:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.