Атырау, 5 желтоқсан 09:35
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

«Өзенмұнайсервис» ЖШС-не бас директор тағайындалды

253 рет қаралды

«Өзенмұнайсервис» ЖШС-нің бас директоры қызметіне Дамир Әлібекұлы Шырақбаев тағайындалды.

Дамир Шырақбаев 1987 жылы дүниеге келген. Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Пайдалы қазбалар кен орындарын геологиясы және барлау» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2015 жылы Венгрияның Мишкольц университетінде «Мұнай-газ ісі» бағыты бойынша магистр дәрежесін алған.

Еңбек жолын «Өзенмұнайгаз» АҚ-да мұнай және газ өндіру операторы болып бастаған. Әр жылдары шебер, аға геолог, геофизика бөлімінің басшысы, «Өзенмұнайгаз» АҚ-да кен орындарын игеру департаментінің директоры, сондай-ақ «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-да геология және игеру жөніндегі бас директордың орынбасары қызметтерін атқарған.

Жаңа қызметке дейін «Өзенмұнайгаз» АҚ-да геология және игеру жөніндегі бас директордың орынбасары болған.

6 қараша, 12:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.