
2025 жылғы 5 қарашада Самар ауданының прокуратурасы мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарының сақталуына қатысты талдау жүргізді. Нәтижесінде 39 адамның, оның ішінде 7 кәмелетке толмаған баланың «инватакси» қызметіне мұқтаж екені анықталды.
Алайда аудан құрылған 2022 жылдан бері заңнамада көзделген мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы бұл қызмет іске асырылмаған. Сонымен қатар, аудан әкімдігі тұтынушылар санатын кеңейту және қызмет көрсету тізбесін бекіту жөнінде қаулы қабылдамаған.
Прокуратураның ұсынысынан кейін жергілікті әкімдік мүгедектігі бар азаматтарға көлік қызметінің қолжетімділігін арттыру бойынша нақты шаралар қабылдады. Атап айтқанда, бюджеттен 27 миллион теңге бөлініп, арнайы автокөлік сатып алынды. Сонымен қатар, тұрақты түрде қызмет көрсету үшін жүргізуші штаты ашылды.
Бұл бастама – өңірде әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету және ерекше қажеттілігі бар азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау жолындағы маңызды қадам.
В Атырау +4