
Афинада такси жүргізушілері салықтарды төмендету және бәсекелес цифрлық қосымшаларды (такси шақыру сервистерін) жабу талаптарымен 48 сағаттық ереуіл бастады, деп хабарлайды АА.
Ереуіл туралы шешім Аттика өңірі таксистерінің кәсіподағы (SATA) бастамасымен қабылданды.
Акция бүгін жергілікті уақыт бойынша 06:00-де басталды және жұма күні 06:00-ге дейін жалғасады. Осы уақыт ішінде қалада такси қызметі толық тоқтайды.
Такси жүргізушілерінің талаптары:
-
салық мөлшерін азайту,
-
таксилерге автобустарға арналған арнайы жолақпен жүруге рұқсат беру,
-
таксимен бәсекеге түсетін цифрлық қосымшаларды тоқтату.
В Атырау +4