Атырау, 5 желтоқсан 09:34
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Қазақстанда жалпыұлттық нышандар бекітілді

302 рет қаралды

5 қарашада президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жарлығымен ҚР ішкі саясатының негізгі принциптерін, құндылықтары мен бағыттарын бекітті.

Жарлықтың II тарауында еліміздің жалпыұлттық рәміздері көрсетілген:

  • ұлттық ұран – «Алға, Қазақстан!»;
  • ұлттық түстер – аспан түстес көк, алтын сары түс;
  • ұлттық кітап нышаны – Абайдың «Қара сөздері»;
  • ұлттық бірлік нышаны – шаңырақ;
  • ұлттық музыкалық аспап нышаны – домбыра;
  • ұлттық өсімдік нышаны – қызғалдақ;
  • отандық өнім шығарудың ұлттық белгісі – «Қазақстанда жасалған», «Made in Qazaqstan»;
  • ұлттық хэштег – #Qazaqstan, #Kazakhstan.

Ұлттық нышандар елдің өзіне тән ерекшелігін тануға,  жалпыұлттық бірегейлігімізді нығайтуға және тарихи-мәдени мұрамызды сақтауға ықпал етеді. Жалпыұлттық нышандардың осы тізімі елдің бірыңғай нышандар жүйесін және брендін қалыптастырады. 

Ұлттық нышандар жалпыұлттық айдентиканың, атап айтқанда, мемлекеттік органдардың, әкімшілік-аумақтық бірліктердің, білім беру, мәдениет және спорт мекемелерінің, азаматтық қоғам институттарының базалық элементтеріне айналуға тиіс. Ұлттық нышандар салтанатты рәсімдерді, қоғамдық-саяси, гуманитарлық, мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу барысында қолданылуы мүмкін.

5 қараша, 16:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.