
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова қазақстандықтардың несиесін кешіру мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оның айтуынша, кредиттік амнистия бұрынғыдай мемлекет қаржысы есебінен жүзеге асырылуы мүмкін, алайда мұндай шара бюджетке үлкен салмақ түсіреді.
«2019 жылы қиын жағдайға тап болған азаматтардың қарызы бюджет есебінен өтелді. Алайда сол кезде несиесі кешірілгендердің біразы кейін тағы қарыз алып, оны қайтара алмады. Бұл — моральдық тәуекел тудырады. Кей адамдар әрбір 5–6 жыл сайын кредиттік амнистия болады деп үміттенеді», – деді Мәдина Әбілқасымова Мәжілісте өткен брифингте.
Төрағаның сөзінше, бүгінде қарыз ауыртпалығын азайтудың басқа тетіктері бар. Мәселен, несиені қайта құрылымдау немесе жеке тұлғаның банкроттық рәсімін пайдалану мүмкіндігі қарастырылған.
В Атырау +4