Атырау, 5 желтоқсан 09:35
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырауда дәрігерлер әйелдің ана болу мүмкіндігін сақтап қалды

276 рет қаралды

Атырау облыстық ауруханасының дәрігерлері ауыр халде жеткізілген 32 жастағы әйелге күрделі операция жасап, оның аналық қуатын сақтап қалды. Пациент ауруханаға келген сәтте қозғала алмай, іші қатты кернеп, тынысы тарылып, мәжбүрлі түрде жатқан.

Тексеру барысында оның дене салмағы 155 кг екені және сол жақ аналық безінде көлемі өте үлкен киста бар екені анықталды. Бұл — кез келген медициналық мекеме үшін тәуекелі жоғары, өте күрделі жағдай.

Дәрігерлер үшін басты мақсат — әйелдің өмірін ғана емес, ана болу мүмкіндігін сақтау болды. Осыған байланысты аурухана шұғыл түрде гинекологтар, хирургтер және анестезиологтардан құралған көпсалалы топты жинап, бірлескен шешім қабылдады.

Операция лапароскопиялық әдіспен — ішті жармай, арнайы құралдар арқылы жасалды. Бұл жоғары мамандандырылған тәсіл тек күрделі жағдайларда қолданылады.

Нәтижесі:

  • Ішкі жабыспалар мұқият ажыратылды;
  • Кистадан 5 литрге жуық сұйықтық шығарылды;
  • Аналық без толық сақталып, репродуктивті функция бұзылған жоқ;
  • Кистаның қатерсіз екені анықталды.

Операцияға қатысқан мамандар:

  • Гинекологтар: Бекенова Ж.С., Утепов Н.А., Ким В.Н.
  • Хирург: Сигуатов М.С.
  • Анестезиологтар: Саясатов М.М., Давлетбаев Н.С.
  • Мейірбике: Қадыржанқызы Г.

Пациенттің жағдайы тұрақты, операциядан кейінгі кезең асқынусыз өтуде. Бұл оқиға — дәрігерлердің кәсібилігі мен үйлесімді командалық жұмысының жарқын көрінісі.

5 қараша, 14:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.