
"Атырау-Орал" республикалық автомобиль жолының 100-189 шақырым аралығында шұңқырларды жамау қолға алынды. Бұл жолдың көп бөлігі жарамсызданып, қазан шұңқырлар көбейіп кеткен болатын.
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әсет Оразғалиевтің айтуынша, шұңқырларды жамау жұмыстары "ҚазАвтоЖол" ҰҚ облыстық филиалының ұйымдастыруымен қаржыландырусыз жүргізіліп жатыр.
«Бұл жұмыстар қауіпсіз жолды қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылып отыр»,-дейді ол.

Бұл жұмыс Махамбет және Индер ауданы аумағында жүрмекші. Егер қаржы уақтылы бөлінсе 2026 жылы "Атырау-Орал" жолында орташа жөндеу жұмыстарын бастау жоспарланып отырған көрінеді.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
В Атырау +4