
Көкшетау қаласында көпфункционалды спорттық-мәдени кешеннің құрылысы аяқталуға жақын. Жобаға 12,6 млрд теңге көлеміндегі қаражат Арнаулы мемлекеттік қордан бөлінген, деп хабарлайды Atameken Business Telegram арнасы.
Бұл қаржы — жемқорлық істері бойынша мемлекетке қайтарылған қаражат.
Жаңа спорт кешені халықаралық олимпиадалық стандарттарға сай құралдармен жабдықталады. Мұнда бокс, күрес, ауыр атлетика және кроссфитке арналған залдар қарастырылған. Нысан облыс орталығында республикалық және әлемдік деңгейдегі IBA жарыстарын өткізуге мүмкіндік береді.
Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін толық аяқталып, кешен пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
В Атырау +4