
«Oil Services Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры лауазымына Ахмет Тыныштықұлы Есенғалиев тағайындалды.
Жаңа басшыны ұжымға «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Ақтау қаласындағы өкілдігінің атқарушы директоры Дәурен Мұратбай таныстырды.
Ахмет Есенғалиев 1984 жылы дүниеге келген. Мұнай-газ саласындағы еңбек өтілі 17 жылдан асады. Ол ұзақ жылдар бойы «Global Transport Service» ЖШС-де түрлі жауапты қызметтер атқарған. Соңғы уақытта «Oil Services Company» ЖШС бас директорының өндірісті қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келген.
Анықтама: «Oil Services Company» ЖШС — «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының еншілес кәсіпорны. Компания мұнай сервисі саласында келесі бағыттар бойынша қызмет көрсетеді:
- мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау мен игеру;
- ұңғымаларды күрделі және жерасты жөндеу;
- мұнай өндіру технологияларын химияландыру;
- көлік және қосалқы қызметтер.
В Атырау +4