
Қаратау ауданының прокуратурасы алимент өндіру туралы сот актілерінің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында биыл 38 борышкерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша қылмыстық істер қозғап, сотқа жолданды. Нәтижесінде борышкерлерге қатысты сот үкімдері шығарылды.
Бұл көрсеткіш республика бойынша алимент төлеу міндетін орындамаған тұлғаларға қатысты тіркелген және сотқа жолданған істердің 9%-ын құрайды.
Соңғы сот шешімі бойынша 4 миллион теңге көлемінде алимент берешегі бар азамат кінәлі деп танылып, 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Аудан прокуратурасы ескертеді: кәмелетке толмаған балаларды асырауға алимент төлемегені үшін Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Қала прокуратурасы алдағы уақытта да алимент өндіру бағытындағы жұмыстарды жалғастыруды жоспарлап отыр.
В Атырау +4