
Атырауда құтқарушылар Жайық өзені бойынан ағыспен кетіп бара жатқан ер адамды судан шығарып алды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, оқиғаны жағалауда өтіп бара жатқан адамдар байқап, бұл туралы құтқарушылардың 112 нөміріне соғып, хабарлаған. Оқиға орнына сол бойда ТЖМ жедел құтқару жасағының кезекші наряды келді.
"Құтқарушылар ер адамды судан шығарып, оған алғашқы көмек көрсетті. Кейін оны жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды", - делінген хабарламада.
Қазір оқыс оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр.
В Атырау +1