Атырау, 26 қазан 21:15
 дождьВ Атырау +11.1
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60

Құлсарыда «PromGaz» газ құю бекеті аумағында өрт шықты

Бейнежазба
952 рет қаралды

4 қарашада сағат 16:29-да Жылыой ауданы, Құлсары қаласының сыртқы айналма жолының бойында орналасқан “PromGaz” жанар-жағармай құю бекетінен түтін шығу дерегі тіркелді.

Оқиға орнына 2-МӨСБ (8 қызметкер, 2 бірлік техника) және 9-ӨСБ (5 қызметкер, 2 бірлік техника) жеке құрамдары жұмылдырылды.

Өрт сағат 16:57-де толықтай өшірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі уақытта өрттің шығу фактісі бойынша тексеру жүргізілуде, өрттің аумағы анықталуда.

UPD: Біздің дереккөздердің мәліметінше, алдын ала нұсқа — жанармай тасығыштың дөңгелектері тұтанған.

Айнұр САПАРОВА

4 қараша 2025, 18:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.