
Tesla және SpaceX компанияларының негізін қалаушы Илон Маск алдағы бес жылда смартфондар тарих қойнауына кетеді деп есептейді. Бұл туралы ол америкалық тележүргізуші Джо Роганға берген сұхбатында айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Кәсіпкердің айтуынша, 2030 жылға қарай дәстүрлі смартфондардың орнын жасанды интеллектке (ЖИ) негізделген құрылғылар басады. Олар экран мен аудио жүйемен жабдықталған ақылды түйін түрінде болуы мүмкін.
“Қазіргі телефондар – тек радиомодульдері бар интерфейс. Нағыз ‘ақыл’ – бұл жасанды интеллект сервері. Болашақта экран мен пернетақта қажет болмайды, себебі ЖИ адаммен тікелей байланысады”, – деді Маск.
Оның пікірінше, алдағы уақытта жасанды интеллект пайдаланушылардың қалауын алдын ала болжай алады. Маск бұл технологиялар адам мен машина арасындағы шекараны жоятынын атап өтті.
В Атырау +4