Атырау, 5 желтоқсан 09:35
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Қазақстанның сыртқы қарызы 8,73 трлн теңгеге жетті

163 рет қаралды

Қаржы министрлігінің мәліметінше, 2025 жылдың 1 қазанына қарай Қазақстанның жалпы мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарызы 37,94 трлн теңгені (69,14 млрд доллар) құрады. Оның ішінде елдің сыртқы қарызы — 8,73 трлн теңге немесе 15,9 млрд доллар болған.

Министрлік есебінде көрсетілгендей, Қазақстанның негізгі қарыз көздері төмендегідей бөлінеді:

  • 2,01 трлн теңге (3,66 млрд доллар) – Халықаралық қайта құру және даму банкінің қарыздары;
  • 803,91 млрд теңге (1,46 млрд доллар) – Азия даму банкінің несиелері;
  • 35,74 млрд теңге (65,13 млн доллар) – Еуропа қайта құру және даму банкі;
  • 26,95 млрд теңге (49,12 млн доллар) – Ислам даму банкі;
  • 498,62 млрд теңге (908,58 млн доллар) – Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі;
  • 397,8 млрд теңге (764,4 млн доллар) – Ресей нарығында орналастырылған мемлекеттік бағалы қағаздар.

Сондай-ақ Үкіметтің ішкі және сыртқы міндеттемелерін қоса алғандағы жалпы қарызы 33,95 трлн теңге немесе 61,86 млрд долларды құраған.

4 қараша, 16:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.