Атырау, 5 желтоқсан 10:32
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Қазақстанда жүзу сабағы мектеп бағдарламасына енгізіледі

161 рет қаралды
Сурет: freepik.com
Сурет: freepik.com

Қазақстанда бұқаралық спортты дамыту және балаларды су спорт түрлеріне тарту мақсатында жүзу сабағы мектеп бағдарламасына енгізілмек. Бұл туралы Үкімет отырысында Qazaq Aquatics Федерациясының бас хатшысы Дмитрий Баландин мәлімдеді.

Пилоттық жоба 2026 жылы Астана мен Алматы қалаларында іске қосылып, кейіннен ел аумағында кезең-кезеңімен енгізіледі.

«Бұл бастама АҚШ, Австралия және Венгрия елдерінің тәжірибесіне негізделген. Жүзу сабағы балаларға қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыруға және спортты өмір салтына айналдыруға көмектеседі», — деді Баландин.

Су спорты инфрақұрылымы:

  • Елімізде 360-тан астам бассейн бар
  • Оның ішінде 35-і — олимпиадалық стандарттағы 50 метрлік бассейндер
  • Су спортымен 135 мыңнан астам адам айналысады
  • Оларға 900-ден астам жаттықтырушы қызмет көрсетеді

Жоба Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр және балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған.

4 қараша, 13:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.