
Ауыл шаруашылығы саласының маманы, экономика ғылымдарының докторы Төлеутай Рахымбеков алдағы уақытта Қазақстанда еттің келісі 15-20 мың теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін екенін ескертті.
Оның айтуынша, ел ішіндегі өндіріс тапшылығы салдарынан Қазақстан Өзбекстаннан ет импорттауға мәжбүр болады.
— Бешбармаққа өзбек етін салатын күн алыс емес. 2019 жылы еттің бағасы 5-6 мың теңгеге жетеді деп болжағанмын, сол болжам орындалды. Қазір малдың 80-90 пайызы ұсақ шаруашылықтардың қолында. Өнімнің өзіндік құны негізінен жем-шөпке байланысты. Технологияны ұмыттық, қолда бар жалғыз ресурс — шөп. Ал ұсақ шаруашылықтарда техника жоқ, олар шөпті фермерлерден сатып алады. Қуаңшылық болса, баға бірден өседі, — деді сарапшы TENGE TALKS youtube арнасына берген сұхбатында.
В Атырау +4