Атырау, 2 қыркүйек 08:04
 дождьВ Атырау +14.2
$ 458.45
€ 531.39
₽ 5.29

Каспий жағалауынан 100-ден астам итбалықтың өлексесі табылды

428 рет қаралды
Сурет: Маңғыстау облысының экология департаменті
Сурет: Маңғыстау облысының экология департаменті

Каспий теңізінің Түпқараған ауданында 112 итбалықтың өлексесі анықталды, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық экология департаменті.

3 қараша күні Ақтау тұрғындарынан түскен хабарламадан кейін зертханалық-талдамалық бақылау бөлімінің мамандары теңіз жағалауын тексеруге шыққан. Нәтижесінде Асан елді мекенінен Баутино мүйісіне дейінгі аралықта итбалықтың өлексесі табылған.

«Балық инспекциясы басқармасымен бірлескен мониторинг кезінде 39 өлексенің Асан мен Форт-Шевченко арасынан, ал 73 өлексенің жағажай мен Баутино мүйісі арасынан табылғаны анықталды», – деп хабарлады департамент мамандары.

Мамандар теңіз суынан сынама алып, зертханалық талдауға жіберген. Оқиға туралы ақпарат дереу «112» қызметіне жолданған.



4 қараша 2025, 11:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.