Атырау, 5 желтоқсан 10:32
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

"​Үміт-Самғау" қаржы пирамидасы салымшылардың 100 млн теңгесін жинап алған

129 рет қаралды

ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті «Үміт Самғау» қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. 

Компания өз қызметін жалғызбасты аналарға, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға көмек көрсететін қайырымдылық жобасы түрінде жасырынған.

Азаматтарға салған қаражатының 300%-дан 800%-ға дейін табыс әкелетіні жөнінде уәде беріліп, әртүрлі «салым түрлері» ұсынылған.

Жоба шарттары бойынша – салым көлемі неғұрлым жоғары болса, табыс та соғұрлым көп болатыны айтылған.

Қатысушыларға төлемдер нақты кәсіпкерлік қызмет есебінен емес, жаңа салымшылардың қаражаты есебінен жүргізілген.

Қылмыстық схемаға ұйымдастырушының туыстары мен таныстары «дропперлер» ретінде тартылған, олардың атына тіркелген банктік карталары мен шоттарына салымшылардың ақшасы қабылданған.

Нәтижесінде қаржы пирамидасына 400-ден астам азамат тартылып, жиналған қаражаттың жалпы көлемі 100 млн теңгеден асқан.

Сот санкциясымен күдіктінің пәтері мен автокөлігіне тыйым салынды.

Тергеу жалғасып жатыр.

4 қараша, 11:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.